Прапорщиково ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Прапорщиково ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Глубокое ауданындағы ауыл тұрғындары үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының аясында көптен күткен жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бой көтерді.

Медициналық мекеменің салтанатты ашылуына ШҚО бойынша МФБК ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева қатысты. Сондай-ақ, шараға Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов, Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Увазыров, облыстың денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

Заманауи медициналық жабдықтары бар дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты күніне 25  келушіге арналған. Төрт төсектік күндізгі стационардың болуы маңызды, бұл тұрғындарға жергілікті жерде қажетті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді және аудан орталықтарына бару қажеттілігін болдырмайды. Пациенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Прапорщиково ауылының тұрғындары туған ауылында аурухана ашқаны үшін алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кешегі алқасында ведомство басшысы Төлеген Жигитаев: «2023-2024 жылдарға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында 36 медициналық мекеме нысаны: 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт салу жоспарланған», – деп атап өтті.