
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева "Формат.KZ" ЖШС дәріхана меңгерушісі Вера Брежневаға Тиісті дәріхана практикасы стандартының (GPP) талаптарының сәйкестігіне сертификаттар табыс етті. Сертификаттау Өскемендегі Крылов көшесі 81/1 және Әуезов даңғылы, 13 мекен-жайындағы екі дәріханаға қатысты жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас сертификаттар осы ЖШС-нің бес дәріханасына берілген болатын.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу мәселелері бойынша МФБК ШҚОД-не Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80 мекенжайы бойынша немесе 8-7232-41-44-85 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.