
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ұйымдастырған онлайн-кеңеске қатысты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің аға офицері Бекбаева Гульнур Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру туралы айтты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге тиіс.
Кездесу соңында пікір алмастырылды.