ШҚО прокуратурасы алқасының отырысында денсаулық сақтау саласындағы заңдылық мәселелері талқыланды

ШҚО прокуратурасы алқасының отырысында денсаулық сақтау саласындағы заңдылық мәселелері талқыланды

Алқа отырысының жұмысына облыс әкімінің орынбасары Д.Сапанов, денсаулық сақтау Басқармасының басшылары, медициналық және фармацевтикалық бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Департаменттерінің, облыстық онкология және хирургия орталығының, фтизиопульмонологиялық орталықтың, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Аумақтарда бейнеконференцбайланыс арқылы әкімдіктердің өкілдері, сондай-ак, қалалық және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысты.

Алқа төрағасы – облыс прокуроры А.Байшолақов атап өткендей, денсаулық сақтау мәселелері Мемлекет Басшысы қоғам үшін маңызды ерекше назар аударатын тақырыптардың бірі болып табылады.

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және жалпы ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған елеулі шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, соңғы 3 жылда облыста денсаулық сақтау саласын қаржыландыруы, медициналық нысандар салынып, мамандардың біліктілігі ұлғайып, қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Дегенмен, проблемалар бар. Прокуратураның тексерулері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеу, медициналық қызметтердің сапасыздығы, скрининг жүргізбеу, дәрілік заттарды жалған беру, дәрілерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, жалған иммундау фактілері және т.б. бұзушылықтарды анықтады.

Онкологиялық аурулар мен туберкулездің алдын алу мәселелері облыс үшін проблемалық күйінде қалып отыр.

Отырыс барысында уәкілетті органдар басшыларының заң бұзушылықтардың себептері туралы есептері және олардың алдағы жұмыста алдын алу бойынша қабылданған шаралары тыңдалды.

Облыс прокуроры А.Байшолақов облыстың барлық тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығына және медициналық мекеме басшыларының бағынысты қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту қажеттілігіне тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша шешім қабылданып, уәкілетті органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарына нақты ұсыныстар берілді.