Фармацевтикалық қызмет субъектілерімен өткен кеңесте дәрі-дәрмектерді таңбалау мәселелері қаралды

Фармацевтикалық қызмет субъектілерімен өткен кеңесте дәрі-дәрмектерді таңбалау мәселелері қаралды

Бүгін фармацевтикалық қызмет субъектілерімен дәрілік заттарды таңбалауды енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуді өткізуге ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті бастамашы болды. Семинарға "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС тауарларды таңбалау басқармасы департаментінің директоры Абай Абильмагжанов және жоба менеджері Людмила Горчинская қатысты. МФБК

ШҚО бойынша департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева өзінің кіріспе сөзінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерімен (әкімдікпен, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен бірлесіп) түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ол қатысушыларға дәрілік заттарды таңбалау ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетінін еске салды.

- Дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалауды енгізудің негізгі критерийлері қауіпсіз және сапалы дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен азаматтардың денсаулығын қорғау болып табылады. Жаңашылдық жалған және контрафактілік фактілерді, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды босату немесе сақтау бойынша бұзушылықтарды, сондай-ақ шекті бағаларды көтеруді тиімді анықтауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Алмагуль Кусатаева.

Фармацевтикалық субъектілердің дәрі-дәрмектерді таңбалауға дайындығы туралы ақпаратпен фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов таныстырды. Ол дәрілік заттарды көтерме саудада өткізудің 15 субъектісінің 10-ы 2D сканерлермен немесе деректер жинау терминалдарымен (ДЖТ) жабдықталғанын айтты. Есеп жүйелерін оператормен біріктіруді тек екі көтерме ұйым жүргізді. Облыстың бөлшек сауда субъектілері бойынша: 335 дәріхананың 193-і 2D сканерлермен жабдықталған. Есеп жүйелерін оператордың ақпараттық жүйесімен интеграциялауды 61 субъект жүргізді.

 - 1 шілдеге дейін санаулы күндер қалды, сондықтан 2D сканерлерді немесе деректерді жинау терминалдарын сатып алу процесін, сондай-ақ есеп жүйелерін интеграциялауды және markirovka.ismet.kz сайтында тіркелуді жеделдету қажет деп кеңес қатысушыларына Жарас Дәулетханов айтып өтті.  

Абай Абильмагжанов таңбалау туралы түсініктеме берді, ал Людмила Горчинская қатысушыларға Ismet.kz және ЭҚДМ платформаларда тіркеу механизмін, бухгалтерлік құжаттармен және қадағалау құжаттарымен жұмысты кезең-кезеңімен түсіндірді.

Әрі қарай, АПК Webkassa Гаухар Тусупова, "Рейтинг" компаниясы, "Норфолк" және "ФортШРИТ" ЦТО өкілдерімен бірге  семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Көбісін кейбір ауылдарда төмен жылдамдық немесе интернеттің болмауы мәселесі алаңдатты. Сондай-ақ, таңбалау медициналық бұйымдарға, гигиена құралдарына және сол сияқтыларға қатысты ма деген сұрақ туындады.

- Жоқ, таңбалау және қадағалау тек дәрі – дәрмектерге қатысты, - деп жауап берді Людмила Горчинская.     

Кеңестен кейін дәрілік заттарды таңбалау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары МФБК ШҚО бойынша департаментінде тікелей жалғасты. Өз сұрақтарын қоя алмағандар Қазақтелекомның (цифрлық экономиканы дамыту орталығы) басшылығымен және өкілдерімен жеке сөйлесе алды. Департамент мамандарының дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерімен осындай түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтеміз.