Департамент қызметкерлерін шағымдарды қарау және тыңдау хаттамасын жасау тәртібімен таныстырды

Департамент қызметкерлерін шағымдарды қарау және тыңдау хаттамасын жасау тәртібімен таныстырды

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова Департамент қызметкерлері арасында "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің"баптары бойынша жалпыға бірдей оқыту өткізді.

Жансая Қайратова 73-баппен таныстырды (тыңдау), ол бойынша әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.Сондай-ақ, ол тыңдау хаттамасын жасау тәртібі мен мазмұны туралы айтты (74-бап).

Думан Ғылыммедден 97, 98 және 99 - баптар бойынша шағымдарды қарау - жалпы ережелер, шағымды жеке және алқалы қарау және қарау мерзімдерін түсіндірді.