Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жалпы оқыту

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жалпы оқыту

Апта сайынғы жалпыға бірдей оқытуда әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы еске салды.

- Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес қызметтен тыс уақытта олар жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өздерінің лауазымдық жағдайын асыра көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемелеріне барудан бас тарту керек, – деп атап өтті Нургуль Кунапьянова.

Баяндамашы жыл бойы әдеп жөніндегі уәкілдің әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар бойынша мониторинг жүргізетініне назар аударды ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 434, 439, 440, 443, 444, 449, 450-баптары бойынша )

Сондай-ақ, Нургуль Асымкановна мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және оларға қойылатын талаптарды тағы да атап өтті.