
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темірғалиев Өскемендегі "PremierDent" ЖШС рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Департамент қызметкері стоматологияның қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы Виталий Городецкий мен оның медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы айтып берді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, сондықтан иесіне ересек тұрғындарға арналған "стоматология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.