
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден Жаңа Бұқтырма ауылында орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерінің медициналық кабинетінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.Лагерь ШҚО білім басқармасы жанындағы "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының Өскемен бірлестігіне жатады.
Департамент маманы кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы Елена Деш және медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары түсіндірілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, сондықтан медицина кабинеті ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша лицензияланды.