
Өскемен қаласының № 2 емханасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және қызмет көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында Денсаулық сақтау саласында "Қызмет алушылар күні" өтті.
Іс-шараға тұрғындардың сұрақтары мен өтініштері бойынша консультанттар ретінде ШҚО бойынша ҚМФК қызметкерлері қатысты: медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова.