Ұлан ауданының балалар лагерінде лицензияланған медициналық кабинет пайда болды

Ұлан ауданының балалар лагерінде лицензияланған медициналық кабинет пайда болды

ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден Төменгі Тайынты ауылында орналасқан "Үміт" арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының жанындағы жазғы лагерьдің медициналық кабинетінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Департамент маманының бақылауымен медициналық кабинеттің қажетті бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуы, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар тексерілді. Мекеме басшысының орынбасары Гульжан Салыкбаевамен және медицина қызметкерлерімен Думан Ғылыммедден мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме өткізді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Төменгі Тайынты ауылындағы балалар лагерінің медициналық кабинетінде қазір балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша бар.