Облыстың бас штаттан тыс дәрігерлерімен кейбір аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендету мәселесі талқыланды

Облыстың бас штаттан тыс дәрігерлерімен кейбір аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендету мәселесі талқыланды

 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Алмагуль Кусатаева ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары – дәрігер-терапевт, кардиолог, хирург, фтизиопульмонологиялық орталықтың өкілімен пациенттер өлімінің себептерін  анықтау және өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету бойынша шешімдер табу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

 – Қан айналымы жүйесі ауруларынан, жіті миокард инфарктісінен, туберкулезден, хирургиялық бейіннен болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету жөніндегі іс-шаралардың қысқа мерзімді жоспарын жедел әзірлеу қажет. Шұғыл арада дәлелді медицинаға негізделген бейінді клиникалық қызметтердің үйлестіру кеңесін құру және ай сайын департамент қызметкерлерінің қатысуымен проблемалық мәселелер бойынша кездесулер өткізу, аудандарға шығу қажет, – деп атап өтті Алмагуль Кусатаева.

Кеңесте емханалардағы кадрлардың тапшылығы (жалпы практика дәрігерлері, бейінді мамандар, медбикелер), алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ішкі ресурстарынан медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау, әлсіз интернет салдарынан дәрігерлердің бағдарламалармен  үздіксіз жұмысы туралы сұрақтар көтерілді. Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) өңірлік филиалдарының хирургиялық аурулар мен операцияларды дұрыс кодтау жөніндегі жұмысын күшейтуге баса назар аударылды.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру, сондай-ақ медициналық ұйымдарды аккредиттеуге ерекше назар аудару (барлығы 40 медициналық мекеменің  16-сы аккредиттелген), жедел медициналық көмектің ұтымды жұмысы үшін бұйрық (ҚР ДСМ-не хат) жасау тапсырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірдің медициналық жұртшылығымен өткен жуырдағы кеңесте: "Егер жарты жыл ішінде облыстың кейбір медициналық ұйымдарында көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалмаса, онда осы мекемелердің бірінші басшыларының атқаратын лауазымдарының сәйкестігі туралы мәселені шешу керек", - деді.