Балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша семинар

Балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша семинар

МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау және бақылау бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов алдағы демалыста қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде қауіпсіз және сапалы жазғы демалысты, балаларды сауықтыру мен жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша семинарға қатысты.
Іс-шараны "Дарын"дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Сондай-ақ, семинарға білім басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, ТЖ, полиция және т.б. өкілдері қатысты.
Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен, әдіскерлермен, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінің директорларымен өзекті мәселелерді талқылап, кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады.