Департамент қызметкерлері дәріханаларда инспекция жүргізді

Департамент қызметкерлері дәріханаларда инспекция жүргізді

"Формат.KZ" ЖШС-нің Өскемен қаласындағы Әуезов даңғылы, 13 және Крылов көшесі 81 мекенжайларында орналасқан екі дәріханаларында Тиісті дәріхана практикасының (GPP) талаптарына сәйкестігіне инспекциялау жүргізілді.

Комиссия құрамына фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова, оның бас мамандары Әділ Болат және Гүлжан Сыдықова, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингілеу бөлімінің бас маманы Мақпал Рахымжанова кірді.

Инспекциялық комиссияның GPP сертификатын беру туралы шешімі дәріхана басшылығы тарапынан түзету және алдын алу іс-әрекеттері туралы есеп берілгеннен кейін қабылданады.Сондай-ақ, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті дәріхана практикасының (GPP) талаптарын сақтауға міндетті екенін еске саламыз.