№2 емханада рұқсат беру бақылауы

№2 емханада рұқсат беру бақылауы

ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Темиргалиев Ульяновская көшесі, 89 мекенжайы бойынша орналасқан "Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы" медициналық мекемесінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Департамент қызметкерлері кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Бас дәрігермен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы" ШЖҚ КМК ересектер үшін "Акушерлік және гинекология" және ересектер мен балалар үшін "педиатрия, терапия, диагностика (функционалдық)" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.