
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Темиргалиев Өскеменде "DiaVitaClinic" ЖШС рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Департамент қызметкерлері кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы Диана Акшаловамен және оның медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: медициналық мекеме біліктілік талаптарына сәйкес келеді. "DiaVitaClinic" ЖШС ересектер мен балалар үшін "Гастроэнтерология, кардиология, невропатология, урология" және "Акушерлік және гинекология, аллергология, дерматовенерология, диагностика (функционалдық), медреабилитология (массаж), жалпы дәрігерлік практика, педиатрия, пульмонология, ревматология, терапия, эндокринология" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және оған қосымша берілді.