
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бастамасымен және облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың төрағалығымен өңірдің бас дәрігерлерімен және медициналық ұйымдарының өкілдерімен кеңес өтті.
Күн тәртібінде пациенттерді қолдау қызметін (ПҚҚ) және ішкі аудитті күшейту, медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және халықтың медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қанағаттануын арттыру мәселелері қаралды.
ПҚҚ жұмысын жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы айта келе, МФБК ШҚО бойынша департамент басшысы Алмагуль Кусатаева соңғы үш жылда шағымдар мен өтініштер саны артқанын, кейбір медициналық ұйымдар рейтингке қарсы ұйымдар қатарына енгенін, көпшілік ұйымда аккредиттеу жоқ екенін атап өтті...
Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова (ол 2023 жылғы және ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы облыс бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы айтты) және медициналық қызметті бақылау бөлімі басшысының м.а. Тамерлан Амреев (өңірде медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы баяндады) баяндама жасады.
Кеңесте ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы тексеру нәтижелері бойынша антирейтингке түскен медициналық ұйымдардың өкілдері де тыңдалды.
Өңірдің медициналық ұйымдарының проблемалық жағдайларымен танысқан Дархан Сапанов Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына медициналық бақылау департаментімен бірлесіп, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру, дәрі-дәрмектерді жеткізу, өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету (БСК, жіті миокард инфарктісі, туберкулез, хирургиялық бейін) бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, ШҚО медициналық ұйымдары арасында ПҚҚ және ІА өзара іс-қимылын жолға қоюды тапсырды.
Сондай-ақ, ол барлық медициналық ұйымдарға ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында қолданылатын тәжірибені енгізуді ұсынды, онда пациенттерді қолдау қызметінің қызметкері тікелей қабылдау бөлмесінде болып және барлық дауларды, шағымдар мен ұсыныстарды "осында және қазір" қағидаты бойынша шешеді.
- Барлық ауруханаларда да осылай істеу керек! Егер басқа ұйымдарда осындай кадрларды сауатты бөлу оң тәжірибесі болса, онда басқа әріптестер де осылай жұмыс істеуді үйренуі керек, - деп қорытындылады Дархан Сапанов.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсарту, пациенттердің құқықтарын қолдау қызметін және ішкі аудитті күшейту жөнінде хаттамалық тапсырма берді.
Айта кетейік, Департамент осындай кеңестерді тоқсан сайын өткізетін болады.