Миролюбовка ауылында медициналық пункт ашылды

Миролюбовка ауылында медициналық пункт ашылды

МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас мамандары Дидар Темиргалиев пен Шугыла Абылханова Самар ауданының аудандық ауруханасы базасында Миролюбовка ауылындағы медициналық пункт үшін лицензиялық құжаттарды беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Қызметкерлер кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы – "Самар ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері Ерик Зиядановпен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: Миролюбовка ауылындағы медициналық пунктке ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.