Департамент қызметкерлері Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды

Департамент қызметкерлері Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды

МФБК ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы жеке үлесі мен адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың  Құрмет грамотасына ие болды. Осындай еңбегі үшін денсаулық сақтау министрлігі Департаменттің тағы бір қызметкері – әдіскер Клара Чалгимбаеваны алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Нурлан Еркебаевтың Алғыс хаты фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингі бөлімінің басшысы Жарас Дәулетхановқа табыс етілді.

Қызметкерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!