Департамент қызметкерлеріне тексерулерді ұйымдастыру тәртібі туралы айтылды

Департамент қызметкерлеріне тексерулерді ұйымдастыру тәртібі туралы айтылды

"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін" зерделеу бойынша жалпы оқытуда фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов әріптестерінің назарын 144, 144-1, 144-2 және 144-3-баптарға аударды.

Ол тексерулерді ұйымдастыру тәртібі туралы айтып, жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін және прокуратура органдарының тапсырмаларын қоса алғанда, субъектілерді/объектілерді жоспардан тыс тексеру үшін негіздерді (адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және т.б. зиян келтіру немесе келтіру қатері) атап өтті. Жарас Дәулетханов жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейтінін, ал эпидемияның, карантиндік объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қаупі төнген жағдайда бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен объектілерді жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін нақтылады.

- Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданылуын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды, - деп атап өтті баяндамашы.

Ол сондай-ақ субъектіге (объектіге) барумен және бармай-ақ профилактикалық бақылау, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын сатып алынған өнімді бақылау және зерттеу тақырыбын қозғады.