
Фармацевтикалық қызметті көтерме-бөлшек саудада іске асыру субъектілерімен өткен кеңеске МФБК ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова, фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов және бас маман Мақпал Рахимжанова, фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Гүлжан Сыдықова қатысты.
"Қазақтелеком" АҚ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы жобасының менеджері Анар Карибаева және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС менеджері Людмила Горчинская мен Департамент қызметкерлері ДЗ таңбалау тақырыбын түсіндіріп, фармацевтикалық нарық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кездесуден кейін фармацевтикалық нарық субъектілері дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалануды жүзеге асыру кезінде туындаған проблемалық мәселелерді қозғап, Департаменке жолдады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ШҚО бойынша 18 дәріханалық қойма және 369 дәріхана жұмыс істейді, 18 дәріханалық қоймалардың (39%) және дәріханалардың (55%) дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау үшін қажетті жабдықтармен – 2Д сканерлермен жабдықталған.