
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бөлімнің бас маманы Шугыла Абылханова Өскемендегі "Аппараттық косметология орталығы" ЖШС рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Департамент қызметкерлері мекеменің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Орталық басшысы мен қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары түсіндірілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: "Аппараттық косметология орталығы" ЖШС ересек тұрғындарға "дерматовенерология" ("дерматокосметология") мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия берді.