Медициналық ұйымдардың өкілдеріне ДЗ таңбалау және қадағалау мәселелері түсіндірілді

Медициналық ұйымдардың өкілдеріне ДЗ таңбалау және қадағалау мәселелері түсіндірілді

Департаменттің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың 2023 жылғы 30 қарашадағы дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмасының 3-тармағы негізінде медициналық ұйымдардың өкілдерімен және провизорларымен онлайн кеңес өтті.

Кеңеске сондай-ақ: ДЗ таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу жобасының жетекшісі Жанна Оспанова, бірыңғай таңбалау және тауарларды қадағалау операторының бас менеджері Анар Карибаева, РАЭО бас маманы Рауана Дүйсенбаева  қатысты.

Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов қатысушылардың назарын таңбалау өндірушіден, дистрибьютерден, дәріханалардан және медициналық ұйымдардан бастап пациенттерге дейінгі барлық жеткізу тізбегі арқылы дәрілік заттардың қозғалысын бақылаудың аса маңызды құралы болып табылатынына  аударды. Бөлімнің бас маманы Мақпал Рахимжанова ДЗ таңбалауы 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетінін, дәріханалар мен медициналық ұйымдар қандай талаптарды сақтау керектігін айтып, таңбалау және қадағалау жүйесі беретін мүмкіндіктерді атап өтті.

Өз кезегінде Жанна Оспанова семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қандай жабдықты сатып алу керектігін және жүйеге қалай қосылу керектігін түсіндірді.

Кеңес соңында Департамент қызметкерлері медициналық ұйымдардың өкілдерін осы жобаға белсенді қатысуға және жабдықтарды, атап айтқанда, ДЗ таңбалау және қадағалау кезінде қолданылатын 2D сканерлерді сатып алудың жоспарланған күні туралы ақпарат беруге шақырды.