
МФБК ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу тақырыбы бойынша көтерме ұйымдар мен дәріханалар желісінің өкілдерімен онлайн кеңес өткізді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың хаттамалық тапсырмасына сүйене отырып, қатысушылар субъектілердің осы жобаға дайындығын талқылады.
ДЗ таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бойынша жоба жетекшісі Жанна Оспанова облыс бойынша дәріхана ұйымдары басшыларының сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ оларға қандай жабдықты (атап айтқанда 2Д сканерлерді) сатып алу керектігін және жүйеге қалай қосылу керектігін түсіндірді.
Департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова таңбалау өндірушіден (дистрибьютерден, дәріханалардан және медициналық ұйымдардан) пациенттерге дейінгі дәрі-дәрмектердің қозғалысын бақылаудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті. Департамент мамандары барлық мүдделі ұйымдарды осы жобаға белсенді қатысуға және жабдықты сатып алудың жоспарланған күні бойынша ақпарат беруге шақырды.