Риддерде физиотерапия, массаж және емдеу-жаттықтыру терапиясы бөлмесі ашылды

Риддерде физиотерапия, массаж және емдеу-жаттықтыру терапиясы бөлмесі ашылды

МФБК ШҚО бойынша Департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темиргалиев Риддер қаласында "HamMed Clinic" ЖШС медициналық объектісінде рұқсат беру бақылауын жүргізді. Мұнда балалар үшін "медициналық оңалту: физиотерапия, ЕДШ, массаж, травматология-ортопедия" мамандығы бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Дидар Темиргалиев объектінің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. ЖШС басшысы М. Хамидуллинге және оның медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндірді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, мекеме біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондықтан төртінші шағын ауданда 22-үй мекенжайы бойынша орналасқан "HamMed Clinic" ЖШС заңды медициналық қызметке лицензия берілді.