
Ауыл тұрғындары бұл оқиғаны көптен күтті. Бұрын қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін аудан орталығына, Үлкен Нарын ауылына баруға тура келді. Жақында Солоновка ауылында жалғыз дәріхана – "Юлчон"ЖШС ауыл тұрғындары үшін есігін айқара ашты.
Осындай маңызды оқиғаның алдында осы фармацевтикалық нысанда рұқсат беру бақылауы жүргізілді. Оны МФБК ШҚО бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Гүлжан Сыдықова жүргізді. Бұзушылықтар анықталмады, дәріханаға заңды түрде қызметті жүзеге асыруға лицензия берілді.
"Юлчон" ЖШС директоры Юлия Окунькова Гүлжан Сыдықоваға жедел және сапалы атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.