
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша Департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бөлімнің бас маманы Шугыла Абылханова Катонқарағай ауданындағы жеке кәсіпкер А. Дюсембаеваның медициналық объектісінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: жылжымайтын мүлікке, медициналық техникаға құқық белгілейтін құжаттар бар, мамандардың біліктілік талаптары сақталды, стоматология біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Катонқарағай ауылындағы Абай көшесі, 89/1 мекенжайында орналасқан "Дюсембаева А" ЖК медициналық объектісіне ересектер мен балалар үшін "стоматология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия берілді.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері мекеме басшысымен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме өткізді.