
Департамент қызметкерлері арасындағы семинарда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темиргалиев "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының жалпы ережелері мен кейбір баптары туралы айтып берді.
Ол осы заңның қандай салаларға қолданылатынын, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттарын, рұқсат беру органдарының құзыретін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтан бостандық тақырыбына толығырақ тоқталды.
– Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты селективті қолдану фактілері алынып тасталуға тиіс. Лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері процесінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен байланысын шектеу мақсатында рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде, әдетте, мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісімдерді рұқсат беру органдарының өздері алуға тиіс "бір терезе" қағидатын қолдану көзделеді. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңының 9-бабына сілтеме жасай отырып, жеке және заңды тұлғалардан осы заңда көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етуге ешкімнің құқығы жоқ, – деді Дидар Темиргалиев.