
ҚР ДСМ ШҚО бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова "Кизатова Б.Б." ЖК дәріханасының басшысы Бакытгуль Бокеевна Кизатоваға тиісті дәріханалық практика стандартының (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты тапсырды. Фармацевтикалық нысан Өскемен қаласы Набережная көшесі, Сәтпаев даңғылы, 20-1 мекенжайында орналасқан.
Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тиісті дәріхана практикасы стандартын (GPP) енгізу мәселелері бойынша ШҚО бойынша МФБКД-не хабарласуға болады: Өскемен қ., Крылов к-сі,80, 15-кабинет.