
Департамент қызметкерлері Комитеттің 2023 жылғы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің қорытындысы және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын және әдеп кодексін сақтау бойынша онлайн кеңесіне қатысты.
Бірінші болып медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті есеп берді. Бұдан әрі сөз аумақтық департаменттерге берілді. ШҚО бойынша МФБК департаментінен ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау, жанжалды жағдайларды шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау бойынша атқарылған жұмыстар, қабылданып жатқан шаралар туралы есеппен Әдеп жөніндегі уәкіл, басшының орынбасары Нургуль Кунапьянова сөз сөйледі. Сөз соңында
МФБК өкілі қорытындылай келе, Нургуль Асымкановнаның жұмысына оң баға берді, жұмысты сапалы орындау мен әдеп жөніндегі уәкіл саласындағы мол тәжірибесін атап өтті.