
МФБК ШҚО бойынша Департамент басшысы Алмагуль Кусатаеваның төрағалығымен өткен жылғы ведомство қызметінің қорытындысын шығару бойынша кеңес өтті.
Атқарылған жұмыстар туралы басшының орынбасары Нургуль Кунапьянова баяндама жасады.
– Өткен жылы 219 өтініш тіркелген. Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімімен 141 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның 25-і ҚР Бас прокуратурасының талабы бойынша (АИТВ бойынша). 105 тексеру бойынша тәуелсіз сарапшылар тартылды. Ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігіне 48 өтінім келіп түсті. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 59 ұйғарым берілді. 88 әкімшілік материал бойынша 3 522 750 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деп баяндады Нургуль Кунапьянова.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында 2023 жылы департамент қызметкерлері 64, жоспардан тыс – 45 тексеру жүргізді. 2022 жылмен салыстырғанда тексерулер саны Өскемен қалалық және Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының өтініштері мен талаптарының санының артуына байланысты 220%-ға өсті. Өткен жылы айыппұл сомасы 10 436 250 теңгені құрайтын 63 әкімшілік хаттама жасалды. Қозғалған істер саны 16% - ға, тиісінше салынған және өндіріп алынған айыппұлдар сомасы (142% - ға) ұлғайғанын атап өткен жөн.
Фармацевтикалық қызмет саласында 41 өтініш қаралды, 15 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі GPP талаптарына сәйкестігіне 15 инспекция (11 сертификат берілді) және GDP талаптарына сәйкестігіне екі инспекция жүргізді. ШҚО бойынша тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестігі туралы сертификаттардың барлығы 20 ұстаушы бар: GPP сертификаты бар 13 нысан (тиісті дәріхана практикасы) және GDP сертификаты бар 7 нысан (тиісті дистрибьюторлық практика).
– Медициналық қызметтерді сертификаттау және лицензиялау бөлімімен 2023 жылы барлығы 4962 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2022 жылы – 7871). Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында маман сертификатын беру бойынша жаңа мемлекеттік қызметті енгізумен өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 72 пайызға өсті, - деп түсіндірді Нургуль Кунапьянова. - Фармацевтикалық қызметке лицензия алу 39,1 пайызға төмендеді; стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың айналымына лицензия беру 65,7 пайызға төмендеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Алушылардың құқықтары бұзылған жоқ, нормативтік мерзімдер сақталды. Барлық қызметтер "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.
Айта кетейік, 2023 жылы көрсеткіштердің 2022 жылмен салыстырғанда төмендеуі облыстардың бөлінуіне байланысты.
Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімі нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер мен инновациялар бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу субъектілерімен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, өткен жылы департамент қызметкерлері сот істеріне талапкер және жауапкер ретінде қатысты. Судьялар шығарған үкімдер Департаменттің пайдасына шешілді.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және "Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі" нормаларын сақтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, тұрақты негізде "Ашық есік күндері", басқа мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп сауалнамалар, семинарлар мен брифингтер және өзге де ақпараттық қызмет жүргізіледі. Медициналық көмектің, фармацевтикалық субъектілердің, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау күшейтілді. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуы туралы мәліметтер ақпараттық-түсіндіру хаттары мен әлеуметтік желілерде және Департамент сайтында жарияланымдар арқылы ұйымдардың назарына жеткізіледі, – деп қорытындылады баяндамашы.