
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Шугыла Абылханова "Акушерлік және гинекология, ультрадыбыстық және зертханалық диагностика" мамандығы бойынша ересектер мен балалар үшін амбулаториялық-емханалық көмекке медициналық қызметке лицензияға қосымша беру бойынша «ЭкоМед-Шығыс» ЖШС (Өскемен қ., Өтепов к-сі,37) рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Департамент қызметкерлері медициналық объектінің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді.
ЖШС басшысы Н. Махамбетовамен және мекеменің медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, мекеме біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондықтан «ЭкоМед-Шығыс» ЖШС қажетті рұқсат құжаттарын берді.
Рұқсат беру бақылауы «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ-22 бұйрығы негізінде жүргізілді.