
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Болат Әділ ШҚО, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылы, Абай көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан «ФармРесурс» ЖШС дәріханасының фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензия және лицензияға қосымша алу үшін рұқсат беру бақылауын жүргізді.
«Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған сөрелердің, төсеніштердің, сондай-ақ ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын тіркеуге арналған құралдардың, ауа баптағыштардың, санитарлық-гигиеналық режимді қамтамасыз ететін аспаптардың болуына толық тексеру жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.