Апелляциялық комиссия жұмысы және тәртіптік бұзушылықтар бойынша жалпы оқыту

Апелляциялық комиссия жұмысы және тәртіптік бұзушылықтар бойынша жалпы оқыту

Департаментте апелляциялық комиссияның жұмысы және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары бойынша жалпы оқыту өтті.

Бірінші тақырып бойынша департамент қызметкерлерін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің апелляциялық комиссияның жұмысы туралы хатының мазмұнымен таныстырып, бас маман Марат Жусупов сөз сөйледі.

-Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы актілерге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін. Яғни, шағымдарды жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясы қарайды, - деп түсіндірді Марат Жусупов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хатын негізге ала отырып, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нұргүл Кунапьянова әріптестеріне мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік құқық бұзушылықтар және осындай теріс қылықтарға жол бермеу туралы айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша әрбір қызметкерге өз жұмысында бұзушылықтарға жол бермеу міндеті жүктелді.