
МФБК ШҚО бойынша департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері Аслан Жукенов, Ықылас Сайраубектің қатысуымен жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 3 қаңтардағы № 188-VII ҚРЗ Заңына өзгерістер мен толықтырулар және мемлекеттік қызметтер, көрсету мерзімдері және т. б.
Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды мемлекет кепілдік берген қорғауды және көтермелеуді; әкімшілік жауапкершілікті, сондай-ақ мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстары табыстан асатын (ҚР салық заңнамасында айқындалады) адамдарды атқаратын лауазымынан босатуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданбаған кезде жұмысқа қабылдаудан бас тартуды не жұмыстан босатуды және т. б. көздейді.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілеті. Рухани жетілудің негізі ретінде ар-намыс, ар-ождан, әділеттілік қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы керек. Бұл құндылықтарды мемлекет қалыптастырып, өзектендіріп, әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқын қалыптастыруға негіз болуға тиіс, - деп атап өтті Нургуль Кунапьянова.
Бұдан әрі МҚІА ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді бақылау жөніндегі бас мамандары Аслан Жукенов пен Ықылас Сайраубек мемлекеттік қызметтерді көрсетуде анықталған ескертулер бойынша әңгімелесу өткізді: өтініштерді тіркеу түскен күні емес, келесі тәулікте, үшінші жұмыс күні өтініштен дәлелді бас тарту. Сонымен қатар, олар жұмыста болмаған кезеңде басшының қол қою құқығын (ЭЦҚ) беруіне қатаң тыйым салғанын еске салды.