
Бас маман Марат Жусупов әріптестеріне "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығының негізгі тұстарын еске салды.
– Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты үнемі жетілдіріліп отырады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануымен алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың теңгерімі бар шаралар жүйесі құрылды. Парақорлықпен күреске азаматтық қоғам белсенді қатысады. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін тәуелсіз уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды, - деді Марат Жусупов.
Өз баяндамасында ол "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл институттарын және Әдеп жөніндегі кеңестерді құру тақырыбын қозғады.
– Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына және судьяларға шетелдік банктердегі шоттарды иеленуге жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізілді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, сондай-ақ оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға және беруге толық тыйым салу көзделген. Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірлескен қызметіне (жұмысына) жол берілмейді. Мемлекеттік лауазымға үміткерлер мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабарлауға міндетті, – деп атап өтті Марат Жусупов.
Баяндамашы сөз соңында "Ашық үкімет" электрондық платформасында бес портал құрылғанын еске салды: "Ашық бюджеттер", "Ашық НҚА", "Ашық деректер", "Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау", "Ашық диалог".