Фармацевтикалық бөлім әріптестері арасында оқыту семинарын өткізді

Фармацевтикалық бөлім әріптестері арасында оқыту семинарын өткізді

МФБК ШҚО бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау және  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жадыра Кулуштаева "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің кейбір баптары туралы айтып берді.

Ол ӘҚБтК-нің 28, 30, 32 және 33-баптарына толығырақ тоқталды, онда: әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады, қандай жағдайда лауазымды адамға, сондай-ақ әскери қызметшіге, прокурорға және т. б. айыппұл салынады, сол туралы мәліметтер көрсетілген.

Семинар соңында Департаменттің әрбір қызметкеріне аталған салалар бойынша жұмыс барысында бұзушылықтарды болдырмау міндеті жүктелді.