
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас мамандары Шугыла Абылханова мен Дидар Темиргалиев Катонқарағай ауданы Приморское ауылындағы сауықтыру лагерінің медициналық кабинетінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Рұқсат беру бақылауы барысында медициналық кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуы, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар тексерілді. "Сәттілік Company" ЖШС басшысы Галымжан Мустафаевпен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
Департамент мамандары бұзушылықты анықтаған жоқ, сондықтан сауықтыру лагеріне балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия берілді.