
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бөлімнің бас маманы Дидар Темиргалиев Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының дәрігерлік амбулаторияларында, медициналық пункттерінде және фельшерлік-акушерлік пункттерінде лицензия беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Мамандар Путинцево, Богатырево, Чапаево, Снегирево, Орловка, Андреевка, Грехово, Крестовка, Васильевка, Прибрежный, Подорленок, Дородница, Восточное, Полянское, Бояновск, Быково, Заводинка, Бородино, Соловьево, Маяк, Ново-Крестьянка ауылдары мен кенттеріндегі медициналық нысандарда болды.
Рұқсат беру бақылауы барысында әрбір медициналық ұйымның құжаттары, медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуы, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігі, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар тексерілді. Алтай ауданы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Олжас Нурекеновпен, эпидемиолог Азат Жунусовпен және басқа да медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, сондықтан жоғарыда аталған ауылдарда орналасқан барлық дәрігерлік амбулаторияларға, медициналық пункттерге және ФАП-қа ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.