Департаментте Ашық есік күні өтті

Департаментте Ашық есік күні өтті

Бүгін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Нургуль Кунапьянованың төрағалығымен Ашық есік күні өтті.

Қатысушылар арасында фармацевтикалық, медициналық қызмет және мектепке дейінгі білім беру субъектілерінің өкілдері болды: "Қазмедимпорт" ЖШС дәріхана меңгерушісі Лидия Петрова, "Кизатова Б.Б." ЖК дәріхана меңгерушісі Бакытгуль Кизатова, "Лада балабақшасы" ЖШС заңгері Ольга Вишнякова және "Денсаулық" дәрігерлік амбулаториясының персоналды басқару жөніндегі маманы Жупар Жунусбаева.

Келушілерге медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Әділ Болат түсіндірмелер мен кеңестер берді.

      "Ашық есік күні" акциясының барлық қатысушыларымен Нургуль Кунапьянова Департамент қызметкерлері тарапынан әдепті сақтау, қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: ведомство мамандары мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетеді, этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтайды.