
Төменгі Тайынты ауылында орналасқан ШҚО білім басқармасының "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" КММ жазғы лагерінің медициналық кабинетінде медициналық қызметке лицензияға қосымша бар.
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ - 22 бұйрығының негізінде ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден лагерьдің медициналық кабинетіне рұқсат беру бақылауын өткізді. Ол кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жабдықталуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы Мендигуль Каниева мен медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндірді.
Рұқсат беру бақылауы аяқталғаннан кейін бұзушылықтар анықталған жоқ, сондықтан балалар ауылының жазғы лагерінің медициналық кабинетіне ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша кедергісіз берілді.