
Самар ауданының аудандық ауруханасы жанындағы Раздольное және Жұмба ауылдарындағы екі медициналық пункт ересектер мен балаларға лицензияланған дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Шугыла Абылханова осы медициналық пункттерде рұқсат беру бақылауын жүргізді: кабинеттердің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді."Самар ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері Ерік Зиядановпен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
"Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № КР ДСМ - 59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № КР ДСМ-22 бұйрығының негізінде жүргізілген рұқсат беру бақылауының қорытындылары бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.
Раздольное және Жұмба ауылдарындағы медициналық пункттерге ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.