Медициналық қызметке лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Медициналық қызметке лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Кезекті жалпы оқуда Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Шұғыла Абылханова Медициналық қызметке лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларындағы өзгерістер туралы айтты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ – 22 бұйрығы).

Ол лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде электрондық (ішінара автоматтандырылған) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі он үш жұмыс күнін, қайта ресімдеу кезінде – үш жұмыс күнін, жоғалған немесе бүлінген жағдайда телнұсқаны беру кезінде – екі жұмыс күнін құрайтынын түсіндірді. Бұл қызметтердің барлығы ақылы: лицензия беру-10 айлық есептік көрсеткіш, қайта ресімдеу-беру кезіндегі ставканың 10 пайызы, бірақ 4 АЕК – тен аспайтын, телнұсқа-лицензия беру кезіндегі ставканың 100 пайызы.

 – Жұмыс кестесі – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, порталда-тәулік бойы. Лицензияны алу, қайта ресімдеу, оның телнұсқасын алу үшін құжаттар тізбесімен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығымен танысуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, мұның қандай себептермен болғандығы әрдайым негіздеме болады, – деді Шұғыла Абылханова.

Байланыс деректері: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында көрсетілген kmfk@dsm.gov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777.