Риддер қалалық ауруханасында инфекциялық бөлім ашылды

Риддер қалалық ауруханасында инфекциялық бөлім ашылды

Риддер қалалық ауруханасында ересектер мен балалардың жұқпалы ауруларын емдеу бойынша стационарлық көмек көрсетіледі.

Жақында ШҚО медициналық бақылау департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темиргалиев осы медициналық мекемеде "жұқпалы аурулар"мамандығы бойынша Медициналық қызметке лицензия беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Департамент қызметкері мекеменің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Сондай-ақ, Дидар Темиргалиев Риддер қалалық ауруханасының бас дәрігеріне, эпидемиологына және басқа да медицина қызметкерлеріне Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндірді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. "Риддер қалалық ауруханасы" мемлекеттік кәсіпорнына ересектер мен балаларға стационарлық көмек көрсету үшін "инфекциялық аурулар" мамандығы бойынша Медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.

Естеріңізге сала кетейік, рұқсат беру бақылауы "Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № КР ДСМ - 59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № КР ДСМ-22 бұйрығы негізінде жүргізіледі.