
Вице-министрмен бірге денсаулық сақтау объектілеріне барған медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен жұмыс тобының арасында ШҚО бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы Алмагуль Кусатаева да болды.
Ең алдымен, Вячеслав Дудник ана мен бала орталығындағы Vanadis Perkin Elmer инвазивті емес пренатальды тестілеу зертханасының жұмысымен танысты, онда ұрық дамуының хромосомалық патологиялары барынша дәлдікпен анықталады. Одан әрі жұмыс тобы бүкіл өңір тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында болды. Үшінші нысан ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығы болды, онда көп жағдайда шұғыл науқастар ауыр жағдайда әкелінеді.
Вице-министр ауруханалардың қызметімен танысып, бас дәрігерлермен және клиникалар ұжымымен әңгімелесе отырып, Шығыс Қазақстан білікті кадрлармен, озық технологиялармен және жабдықтармен танымал екенін, ал облыс әкімдігі өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жеткілікті көңіл бөлетінін атап өтті.