
Салтанатты ашылуға ШҚО-на келген денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудникпен бірге Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева қатысты.
Шығыс Қазақстан облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған 36 МСАК нысанын ашу жоспарланған. Казачье ауылында медициналық пункт салу да ерекшелік емес. Енді көптеген жылдар бойы көршілес Герасимовка елді мекеніне медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған жергілікті ауыл тұрғындарына туған ауылында медициналық қызметтер, скринингтік бағдарламалар, вакцинация және дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету қол жетімді болды.
Айта кетейік, жаңа медициналық пункт қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда сау баланың кабинеті, процедуралық, гинекологиялық және терапиялық кабинеттер, фильтр жұмыс істейді. Бұл жерде 300-ден астам ауыл тұрғыны медициналық көмек алатын болады.