
Оның жұмыс сапарының мақсаты - өңірде медициналық қызмет және көмек көрсету сапасымен танысу.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыра отырып, вице-министр ШҚО тұрғындарымен кездесті. Бұл кездесуде азаматтарды жеке қабылдау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен кездесу барысында ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысы Алмагуль Кусатаева қатысты.
Халықпен кездесуде Вячеслав Дудник медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, ана мен баланы қорғау, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, саланың кадрлық әлеуетін нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жүйені цифрландыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
– Биыл Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 106 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: ТМККК және МӘМС – ке 86 млрд теңге, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 15 млрд теңге, жабдық сатып алуға – 2,7 млрд теңге және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде құрылыс пен күрделі жөндеуге-2,9 млрд теңге- деді денсаулық сақтау вице-министрі.
Кездесу барысында облыс тұрғындары түрлі сұрақтар қойды. Олардың бірі сапасыз көрсетілген стоматологиялық көмекке қатысты болды. Алмагуль Кусатаева бұл сұраққа толық жауап беріп, өтініш беру тәртібін, қандай негізде тексеру жүргізілетінін, кім және не үшін жауапкершілікке тартылатынын және т. б. егжей-тегжейлі түсіндірді.