Департаменттің жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілері ант қабылдады

Департаменттің жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілері ант қабылдады

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінде Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Бірінші кезекте Департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қазақстанның Гимнін орындады. Бас маман Айзат Қайырбаева 25 қазан тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды күндердің бірі екенін атап өтіп, қысқаша баяндама жасады.

Сонымен қатар,  салтанатты жиында Департаменттің жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілері, медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Амирлан Болатович Аскаров пен медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы Анель Ерланқызы ант қабылдады.

Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева, басшының орынбасары Нургуль Кунапьянова әріптестерді ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.