Департаментте тәртіптік теріс қылықтар туралы жалпы оқыту өтті

Департаментте тәртіптік теріс қылықтар туралы жалпы оқыту өтті

Департаментте жалпы оқыту өтті, онда қызметкерлер ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестерінің отырыстарында осы жылы қаралған тәртіптік теріс қылықтар туралы ақпаратты тыңдады.

Бас маман Айзат Қайырбаева ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Әдеп жөніндегі Кеңестің отырыстарында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты төрт тәртіптік іс қаралғанын және оларды тиісті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар жіберілгенін хабарлады. Үш факт – Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау, біреуі-Әдеп кодексінің нормаларын бұзу.

Отырыс соңында Департамент қызметкерлеріне "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның, Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтау, тексеру кезінде және жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау қажеттігі тағы да еске салынды.