
Әдеп жөніндегі уәкіл Нургуль Кунапьянова елімізде соңғы жылдары құмар ойындарға тәуелділер саны артып келе жатқанын айтты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді қатаңдатуды тапсырды. "Лудоманиямен күресте тәрбие және түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудару керек", – деді мемлекет басшысы.
Мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, ҚР Әдеп кодексіне сәйкес олар халық пен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуі, мемлекеттік қызмет пен биліктің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы тиіс.
Нургуль Кунапьянова Әдеп кодексінің жалпы ережелерін, қызметтік этиканы бұзғаны үшін стандарттар мен жауапкершілікті еске салды.
Семинар соңында Департамент қызметкерлері "Құмар ойындарға тәуелділік: себептері мен салдары" бейнефильмін тамашалады.